Төле би мен Желтоқсан көшелерінің қиылысындағы 1938 жылы салынған үш қабатты ғимараттың шатыры өртенді, деп хабарлайды Malim.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өртті сөндіруге бес оқпан тартылған, су үздіксіз беріліп жатыр.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге жоқ.