Алматы қаласының Бостандық ауданындағы ойын-сауық орындарында заң талаптары мен қоғамдық тәртіптің сақталуына қатысты түнгі рейд жүргізілді, деп хабарлайды Malim.kz.
Тексеру барысында кальян шегуге тыйым салынған орындарда оны пайдаланған 55 келуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар заңсыз айналымнан 60-қа жуық кальян аппараты тәркіленді.
Рейд кезінде алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынған уақытта сауда жасаудың үш дерегі анықталды. Заң бұзған сауда нысандарының иелері де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция тұрғындарды қолданыстағы заң талаптарын сақтауға шақырды.