Алматыда жүк көлігі теміржол өткелінде пойызбен соқтығысты, деп хабарлайды Malim.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, КАМАЗ жүргізушісі маневр жасау кезінде теміржол өткеліне шығып кетіп, тоғыз вагоннан тұратын пойызға соғылған.
Жол апаты салдарынан жүргізуші түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Жүк көлігі де айтарлықтай механикалық зақымданған.
Аталған оқиғаға байланысты Түрксіб аудандық Полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Қазір апаттың себептері мен барлық мән-жайы анықталуда.