Malim.kz
Қоғам

Алматыда көшеде пышақпен жүрген ер адам іздестіріліп жатыр

Арман Қайыпхан
Фото: itockphoto.com

23 мамыр күні таңертең Алматыдағы Есқараев пен Серкебаев көшелерінің қиылысы маңында пышақ ұстаған ер адам тұрғындарды шошытты, деп хабарлайды Malim.kz.

Куәгерлердің сөзінше, ол мас күйде болған және өзін агрессивті ұстаған. Сондай-ақ өтіп бара жатқан адамдарға пышақ көрсетіп, тиісіп жүргені айтылды. Кейін ер адамның №1 троллейбусқа мініп, оқиға орнынан кетіп қалғаны хабарланды.

Аталған жайтқа байланысты Алматы қалалық полиция департаменті тексеру басталғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстау бойынша шаралар жүргізіп жатыр.

Полиция мұндай әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікке елеулі қауіп төндіретінін атап өтті. Оқиғаның барлық мән-жайына заң аясында құқықтық баға берілмек.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары