Алматыда никаб киген бірнеше әйелді ертіп жүрген ер адамның видеосы әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Malim.kz.
Қалалық полиция бұл видеоны мониторинг барысында анықтап, тексеру жұмыстарын жүргізді.
Тексеру нәтижесінде бейнероликтің қойылым форматында түсірілген жарнамалық жоба екені белгілі болды. Яғни, видео коммерциялық мақсаттағы түсірілім аясында дайындалған.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары кейбір қатысушылардың әрекеттерінен әкімшілік құқық бұзушылық белгілері байқалғанын да атап өтті.