Malim.kz
Қоғам

Алматыда өртенген полицейдің өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Алуа Әшірбекова
Фото: Arasha.kz

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына байланысты тергеу жалғасып жатыр. Іс аясында марқұмның жұбайына қатысты да нұсқалардың бірі қарастырылуда, деп хабарлайды Malim.kz.

Arasha.kz мәліметінше, бұған дейін оқиғаға байланысты марқұмның туыстары пікір білдірген еді. Енді күдікке ілінген әйелдің жақындары да алғаш рет өз нұсқасын айтып, ерлі-зайыптының отбасылық қарым-қатынасына қатысты мәлімет бөлісті.

Әйелдің сіңлісі журналист Руслан Өтепбайға берген сұхбатында әпкесінің отбасында жанжал жиі болғанын мәлімдеді.

"Ұлдарын таңға дейін ұрған. Әйелін де ұратын. Оны өзі видеоға түсіріп алатын болған. Оны әпкем айтты. Әпкем қанша кетіп қалса да, күйеуі келіп алып кететін. Білмеймін, қорқытады ма, не үшін кететінін түсінбейтінбіз", – деді ол.

Күдіктінің туыстары оқиғаның барлық мән-жайы толық зерттелуі қажет деп есептейді. Олар тергеу аяқталмай тұрып, бір тараптың сөзіне сүйеніп қорытынды жасауға асықпауға шақырды.

Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның нақты қалай болғаны мен оған кімнің жауапты екені тергеу нәтижесінде анықталмақ.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары