Malim.kz
Қоғам

Алматыда пәтерде жұмыс істеген вебкам-студияның қызметі тоқтатылды

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан кадр

Алматыда полицейлер пәтерде жұмыс істеген вебкам-студияның заңсыз қызметін әшкереледі. Операция барысында тәртіп сақшылары онлайн-эфирге қатысып отырған қыз бен студия әкімшісін ұстады, деп хабарлайды Malim.kz.

Полицияның мәліметінше, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Медеу аудандық полициясымен бірлесіп арнайы операция жүргізген. Тергеу дерегіне сәйкес, пәтер ақылы интимдік сипаттағы интернет-трансляциялар өткізу үшін арнайы жабдықталған.

Тінту кезінде компьютерлер, камералар, трансляция жүргізуге арналған құрылғылар және тергеу үшін маңызды болуы мүмкін басқа да заттар тәркіленді. Күдіктілер полиция бөліміне жеткізілді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу заңсыз студияны ұйымдастыруға және оның жұмысына қатысы бар барлық тұлғаларды анықтап жатыр.

Полиция интернеттегі заңсыз әрекеттер де цифрлық із қалдыратынын ескертіп, мұндай құқық бұзушылықтардың жауапкершіліксіз қалмайтынын мәлімдеді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары