Malim.kz
Сұқбат

Алматыда Pfizer вакцинасын ақылы түрде салдырғысы келетіндерді тіркеу басталды

Айшолпан КЕРІМ

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы Pfizer вакцинасын ақылы түрде алуға ниеттілер тізімін жасақтай бастағанын хабарлады.

Pfizer вакцинасын тегін алушылар санатына жатпайтын (12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер), бірақ осы компаниясының Comirnaty екпесін ақылы түрде алғысы келетін азаматтар төмендегі емханаларға хабарласып, тізімге тұра алады.

Басқарма хабарлауынша, Pfizer (Comirnaty) екпесін ақылы алуға ниет білдірушілердің тізімі жүргізіліп жатқан көрінеді. Қазіргі таңда аталған вакцинаны ақылы түрде салдыру үшін 600-ден аса кезекке тұрып үлгерген. Алайда бағасы қандай болары әлі белгісіз. 

Айшолпан КЕРІМ
Автордың басқа материалдары