Алматыда 23 жастағы қыз полицей формасын киіп, әлеуметтік желіде әдепсіз би билегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Malim.kz.
Оқиғаға қатысты видеоны Түркістан облысының полиция қызметкерлері TikTok әлеуметтік желісін мониторингтеу барысында анықтаған. Бейне авторы Арайлым Жиенбаева екені белгілі болды.
Сот шешімімен қызға әкімшілік жаза тағайындалды.
Полиция департаменті қызметтік форманың әлеуметтік желілерде назар аударту құралы емес екенін атап өтті. Ведомство азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырып, мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.