Malim.kz
Қоғам

Алматыда қонақүйден өрт шықты

Malim Админ

Бүгін, 12 маусымда Алматы аудандарының бірінде қонақүйден өрт шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 12 маусымда, таңғы сағат 6:00-де Алатау ауданы Қарасу ықшам ауданы Молодежная көшесінде орналасқан қонақүйден өрт шықты.

ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәрежедегі шақырту бойынша оиға орнына 6 минутта жетті. Өрт сөндірушілер 2-қабатты қонақүйдің ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Өрт бутиктерге таралып үлгерген. Дереу өрт оқпандары жақын маңдағы дүкендер мен жеке тұрғын үйлерді қорғауға берілді, өртті сөндірудің 3 учаскесі құрылып, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді, - деп хабарлады департаменттен.

Қонақүй әкімшілігі мәлім еткендей, адамдар дереу сыртқа шығарылып, өрт орнынан 4 газ баллоны шығарылды.

Өрт 06-45-те оқшауланып, 07-00-де сөндірілді.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге ТЖД 21 техника, жеке құрамынан 75 адам жұмылдырылды.

Фото: Алматы қаласы ТЖД

Malim Админ
Автордың басқа материалдары