Алматы қаласының Жетісу ауданында, Белорусская көшесіндегі тұрғын үй жертөлесінде тұрмыстық заттар жанғаны туралы хабар түсті, деп хабарлайды Malim.kz.
Оқиға орнына №8 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінің күштері жетті.
Қою улы түтін адам өміріне қауіп төндірген. Барлау кезінде газ-түтіннен қорғау қызметі түтінге толған бөлмеден ес-түссіз жатқан 1973 жылы туған ер адамды тауып, сыртқа алып шықты.
Құтқарушылар дереу реанимациялық шаралар жүргізіп, оның жағдайын қалыпқа келтірді. Зардап шеккен азамат жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.