Malim.kz
Қоғам

Алматыда қызды аяусыз соққыға жыққан барлық күдіктілер анықталды

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан скрин

Әлеуметтік желілерде Алматының Наурызбай ауданында бір топ қыздың қатарласын аяусыз соққыға жыққан видеосы кеңінен тарады, деп хабарлайды Malim.kz.

Кадрларда бірнеше қыз жәбірленушіні ұрып-соғып, шашынан сүйреп, болған оқиғаны телефонға түсіріп тұрғаны көрінеді. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың жасы 15 пен 18 жас аралығында.

Желі қолданушыларының ерекше наразылығын видеоны жанжалға қатысушылардың бірі музыкамен өңдеп жариялағаны тудырды. Кейін жазба өшірілгенімен, әлеуметтік желілерге тарап үлгерген.

Оқиғаға қатысты Алматы қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Істі Наурызбай аудандық полиция басқармасы тергеп жатыр.

Полицияның мәліметінше, жанжалға қатысқан барлық тұлғалардың жеке басы анықталған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатыр. Тергеу барысы Алматы қалалық полиция департаменті басшылығының бақылауына алынған.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары