Malim.kz
Қоғам

Алматыда самокат мінген ер адам бордюрге соғылып, қаза тапты

Арман Қайыпхан
Фото: magnific.com

Оқиға Варламов көшесінде, Төле би даңғылының маңында болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, 44 жастағы алматылық электрсамокатпен келе жатып, көлік құралын басқара алмай, бордюрге соғылып құлаған.

Ер адам алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында қаза тапты. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары