Malim.kz
Қоғам

Алматыда тұрғын үй өртеніп, құтқарушылар 8 адам аман алып қалды

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан скрин

Алматы қаласының Бостандық ауданында бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

ТЖМ мәліметінше, оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер пәтердің толықтай отқа оранғанын анықтаған. Қою түтін тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.

Өрт ошағына жету үшін құтқарушылар арнайы құралдың көмегімен құлыптаулы есікті ашқан. Құтқару жұмыстары барысында 8 адам түтін басқан аймақтан аман шығарылып, оның екеуі жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары