31 тамызда Алматыдағы Көк-Төбе алаңында «Жаңа адамдар» қозғалысы «Жаңа ырғақ бер!» атты барабандар фестивалін өткізді, деп хабарлайды Malim.kz.
Іс-шараға 200-ден астам белсенді қатысып, жаңа азаматтық кампанияның басталғанын жариялады.
Іс-шарада сонымен бірге Qazaqstan жазуы бар брендтік футболкалар таныстырылды. Белсенділердің пікірінше, бұл мерч – жеке адамның ел тағдырына жауапты екенін білдіретін визуалды манифест.
«Біз өзгерістерді өзгеден күтпей, өзімізден бастауымыз керек. Әрбір таңдауымыз бен іс-әрекетіміз елдің болашағын айқындайды. Біз – Қазақстанның өзімізбіз», – деді қозғалыс өкілдері.