Malim.kz
Қоғам

Алматыда заңсыз салынған нысан бұзылып жатыр

• Айбын Атабай
Алматы әкімдігі

Алматыда заңсыз салынған көлік жуу орны бұзылып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, сот шешімімен Жұмабаев көшесі, 12 мекенжайында орналасқан өз-өзіне қызмет көрсететін көлік жуу нысанын бұзу жұмыстары басталды.

Жоспардан тыс тексеру барысында нысанның жеке тұлғаға тиесілі екені және тиісті құжатсыз салынғаны анықталған.

— Тексеру нәтижесінде нысан иесіне әкімшілік шара қолданылып, ғимаратты сүру туралы нұсқама берілді. Қазіргі уақытта нұсқама талаптарына сәйкес, меншік иесі нысанды өз күшімен бұзып жатыр, — деп хабарлады ведомство.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары