Алматының Алатау ауданында Саин көшесінде екі көлік соқтығысып, салдарынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Malim.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, Changan көлігінің жүргізушісі жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеге жақындағанда жылдамдығын төмендеткен. Артынан келе жатқан Hyundai Elantra жүргізушісі қауіпсіз арақашықтықты сақтамай, алдағы көлікке соқтығысқан.
Соққы салдарынан Changan көлігі инерциямен жол жиегіндегі бордюрге шығып кеткен.
Жол апатының салдарынан Hyundai Elantra көлігінің екі жолаушысы жарақат алып, оларға медициналық көмек көрсетілді.
Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр. Тәртіп сақшылары жүргізушілерге, әсіресе жол жөндеу жұмыстары жүріп жатқан аумақтарда, қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтауға шақырды.