Malim.kz
Қоғам

Алматыда жылу 7 қазаннан бастап қосылады

Арман Қайыпхан

Алматыда 7-11 қазан аралығында нысандарды орталықтандырылған жылытуға кезең-кезеңімен қосу басталады, деп хабарлайды Malim.kz.

Әуелі жылу балабақшалар, мектептер және медициналық мекемелер сияқты әлеуметтік нысандарға беріледі. Маусымға дайындық деңгейі 99%.

Негізгі мәліметтер: 

Егер бес күн қатарынан температура +8 градусқа дейін төмендесе, жылыту маусымы 15 қазанда басталады. Былтыр жылу 10 қазанда беріле бастаған. Жылу кезең-кезеңімен беріліп, алдымен әлеуметтік нысандар, кейін басқа ғимараттар қамтылады.

Фото: pixabay.com

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары