Malim.kz
Қоғам

Алматыда жылу өшіру басталды

Арман Қайыпхан
Фото: pixabay

Алматыда жылыту маусымын аяқтау басталды, деп хабарлайды Malim.kz.

«Алматыда 3 сәуірден бастап жылу беру кезең-кезеңімен тоқтатылады. Мұндай шешім тұрақты жылы ауа райына байланысты қабылданды: қалада бес күн қатарынан тәуліктік орташа ауа температурасы +8 градустан жоғары болды», – делінген жұма күнгі хабарламада.

Жылуды өшіру үдерісі бірізді түрде жүргізілетіні айтылды.

Алдымен әкімшілік ғимараттарда жылу өшіріледі, кейін тұрғын үйлерде, ал ең соңында әлеуметтік нысандарда, соның ішінде мектептер, балабақшалар мен ауруханаларда тоқтатылады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары