Malim.kz
Оқиға

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында тағы бір адамды көлік қақты

Айбын Атабай
Видеодан кадр

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында тағы бір жол-көлік оқиғасы болды. Жолды кесіп өтпек болған әйелді көлік қағып кетті, - деп хабарлайды Алматы Полиция департаменті.

Департамент мәліметінше, оқиға 25 наурызда қас қарайған уақытта болған.

"Mitsubishi Delica жүргізушісі Әл-Фараби даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, Розыбакиев көшесі қиылысында жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды", - деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта жол апаты дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары