Алматыда MEGA Alma-Ata сауда ойын-сауық орталығындағы келушілер өрт дабылының іске қосылуына байланысты ғимараттан шығарылды, деп хабарлайды Malim.kz.
Эвакуация сәті түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады.
Алматы қаласы ТЖД мәліметінше, сауда орталығынан ашық от анықталмаған. Тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін өрт сөндіру бөлімшелері өз орындарына орала бастаған.
Сауда орталығының әкімшілігі жағдай бақылауда екенін хабарлады. MEGA штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр, келушілерге қауіп жоқ.
Қазір мамандар өрт дабылының іске қосылу себебін анықтап жатыр.