Malim.kz
Қоғам

Алматыдағы қоймада ірі өрт ауыздықталды

Айгүл Таңатар
sputnik Қазақстан

Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы Сүйінбай даңғылында орналасқан қоймадан өрт шықты. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар жалынның көршілес қоймаларға таралуына жол бермеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт құрылыс материалдары сақталған бірқабатты қоймада болған.
Өртті сөндіруге ТЖМ бөлімшелері, қалалық құтқару қызметі мен өрт сөндіру пойыздары жұмылдырылды.
Жедел әрі үйлесімді әрекеттің арқасында кәсіпкерлердің қымбат техникалары мен тауарлық-материалдарының едәуір бөлігі сақталып, ірі шығынның алды алынды.
Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның шығу себебі анықталып жатыр.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары