Malim.kz
Оқиға

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

Сұлу Бөлек

Қазақстандық сейсмологтар Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 234 шақырым қашықтықта орналасқан жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Жерасты дүмпулері 12 мамырда Астана уақытымен таңғы 06:33-те ҚР ТЖМ Ұлттық сейсмологиялық бақылау ғылыми-зерттеу орталығының сейсмикалық станциялар желісі арқылы тіркелді.

"Эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 234 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан. Тереңдігі – 10 шақырым.  Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,4. Магнитудасы MPV – 4,8", – делінген ресми хабарламада.

Қазақстан аумағында бұл жер сілкінісі сезілмеген.

Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, магнитудасы 4,3 болатын жер сілкінісінің ошағы Джаны-Талап ауылынан солтүстік-батысқа қарай 9 шақырым жерде орналасқан.

Қырғызстанның елді мекендерінде сілкініс күштілігі:

Еске салайық, 10 мамыр кешкісін алматылықтар жер сілкінісін сезген еді. ҚР Ұлттық сейсмологиялық бақылау орталығы Алматы мен облыс аумағында 2 балдық жер сілкінісін тіркеген еді, оның да эпицентрі Қырғызстанда орналасқан.

Фото: Pixabay.com 

Сұлу Бөлек
Автордың басқа материалдары