20 тамыз күні күндіз Алматының Бостандық, Медеу және Алмалы аудандарында электр энергиясын беру уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Malim.kz.
Жарықсыз қалғандардың қатарында «Аль-Фараби» тұрғын үй кешені, «Қарғалы» шағынауданы, сондай-ақ Кенесары хан, Шоқай, Сарсенбаев, Широкая щель көшелері маңындағы үйлер және Тұркебаев – Розыбакиев – Бөгенбай батыр – Райымбек даңғылы аралығындағы аумақ тұрғындары бар.
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның апаттық бригадалары ақаудың себептерін анықтап, электр қуатын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Компания жарықтың нақты қашан берілетінін әзірге хабарлаған жоқ.
Айта кетейік, Алматыда 17-21 тамыз аралығында электр желілерінде жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алайда бүгінгі жарықтың өшуі осы жұмыстарға байланысты ма, әзірге белгісіз.
Жоспарлы электр өшірулердің кестесі «Алатау Жарық Компаниясы» сайтында жарияланған.