Француз тарихшысы Мари Фавероның «Алтын Орда» атты кітабы қазақ тілінде жарық көрді. Бұл туралы вице-президент Ерлан Қарин Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Malim.kz.
Shyndyk.kz мәліметінше, ол соңғы уақытта әлемдік классикамен қатар ғылыми, тарихи және публицистикалық бестселлерлер де қазақ тіліне жиі аударылып жүр. Ерлан Қарин Мари Фавероның еңбегі де қазақ оқырмандары үшін құнды дүние болатынына сенім білдірді.
Кітаптың қазақ тілінде жарық көруіне баспагер Раиса Қадыр бастамашы болған. Ерлан Қарин қазақша нұсқамен танысып шыққанын айтып, енді кітап авторымен кездесіп, тарихи мәселелерді талқылауға мүмкіндік болатынын жеткізді.
Сондай-ақ ол Мемлекет басшысының Қазақстанды Алтын Орданың тікелей мұрагерлерінің бірі деп атағанын еске салды.
Бұдан бөлек, Қазақстан тарихына арналған жаңа көптомдық академиялық басылымда Алтын Орда кезеңіне алғаш рет жеке том арналмақ.