Республика күніне орай Жаңа адамдар қозғалысы Özim атты қыздар бэндінің дебюттік клипін таныстырды, деп хабарлайды Malim.kz.
«Ban» трегі заманауи Қазақстандағы әйелдердің рөлінің өзгеруіне арналған. Бұл шығарма — жаңа уақыттың — әрбір әйелдің еркіндігі, абыройы мен қауіпсіздігі мәдени ғана емес, заң жүзінде де қорғалатын дәуірдің музыкалық символы.
«Ban — әйелдің қорғалуына, естілуіне және құрметті болуына деген құқығы туралы ән. Бұл — заңдары қоғамның сұранысын бейнелейтін ел үшін мақтаныш», - дейді Özim тобының мүшелері. Әнде электронды әуен, этникалық сарындар мен рэп үйлесіп, заманауи қазақстандық әйелдің - өзіне сенімді, дербес және жасампаз бейнесін ашады.
Адалят Рахидинова, Жаңа адамдар: «Бүгінде Қазақстандағы әйел өз қауіпсіздігінің заңмен бекітілгенін мақтан ете алады. Алайда одан да маңыздысы - қоғамда сыйластық пен жауапкершілік мәдениетін өзіміз қалыптастыру. Біз мұны “Ban” клипінде жеткізгіміз келді: музыканың тілімен жаңа құндылықтар мен ертеңге деген сенімділік туралы айттық».
Фото: Жаңа адамдар