Malim.kz
Саясат

AMANAT «Әділет» партиясының құрамына қосылады

Арман Қайыпхан
Фото: «Әділет» партиясы

Елордада өткен «Әділет» саяси партиясының ІІ съезінде делегаттар партияның AMANAT құрамына қосылуын бірауыздан қолдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Съезге қатысқан 613 делегат ұсынысты толықтай мақұлдады.

Партия төрағасы Айбек Дәдебай ұйым қатарына елдің дамуы үшін еңбек етуге дайын азаматтардың барлығы қабылданатынын айтты.

Сондай-ақ съезге 30-дан астам қоғамдық бірлестіктің жетекшілері қатысып, «Әділет» партиясына қолдау білдіріп, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендерін жеткізді.

Съезд барысында партияның AMANAT-пен бірігуі саяси күштердің ынтымақтастығын нығайтуға және «Әділетті Қазақстан» құру жолындағы ортақ мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған қадам ретінде бағаланды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары