Malim.kz
Қоғам

Амангелді ауданында шетел азаматы құтқарылды

• Malim Админ

Бүгін таңсәріде Тәжікстан азаматы Ресей жақтан жолаушылап келе жатып, Степняк ауылының тұсындағы топан суға батып қалған.

Жолда қалған көлік ішінде өрімдей үш баласы, әйелі болған. Үсті-басы малмандай, жалаңаяқ қалпында құтқарып алған Аманкелді аудандық ТЖБ аудандық полиция бөліміне тапсырды.

Олардан дереу 24/7 жел штабы қабылдап алып, жастардан құралған волонтерлік штаб гуманитарлық көмек көрсетті. Медициналық тексерістен де өткізілді. Қазір жапа шегушінің жағдайы қалыпты. Аудан азаматтарына ризашылығын білдірді.

Malim Админ
Автордың басқа материалдары