Malim.kz
Экология

Амур жолбарысы табиғатқа жіберілді

Айгүл Таңатар
informburo.kz

Қазақстанда Амур жолбарысын қайта жерсіндіру бағдарламасы аясында маңызды кезең өтті. «Үміт» атты ұрғашы Амур жолбарысы Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерватының аумағына жіберілді. Бұл – ХХ ғасырда жойылып кеткен жолбарыс популяциясын қалпына келтіруге бағытталған халықаралық жобаның жалғасы.

Жобаны Қазақстан Үкіметі Дүниежүзілік жабайы табиғат қорымен (WWF) бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Мамандардың айтуынша, жолбарыс табиғи ортаға бейімделіп, арнайы бақылау құрылғылары арқылы тұрақты қадағаланады.

Сарапшылар бұл бастама Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтауға бағытталған ең ірі экологиялық жобалардың бірі екенін айтады. Егер бағдарлама сәтті іске асса, Іле-Балқаш өңірінде жабайы жолбарыс популяциясы қайта қалыптасуы мүмкін.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары