Әлеуметтік желілерде ерекше жанұя туралы жазба жұртшылықтың назарын өзіне аударды. Қолданушылар егіз ерлі-зайыптылардың түр-түсі ғана емес, таңдаған кәсібіне дейін бірдей екеніне таңғалысып, жылы пікірлерін қалдырды, деп хабарлайды Malim.kz.
Белгілі болғандай, егіз ағайындылар – мал дәрігері, ал қос қыз – жан дәрігерлері: психолог, логопед және дефектолог мамандықтарын меңгерген. Бір шаңырақтағы екі жұптың да өз саласында қатар еңбек етуі көпшілікке ерекше көрінді.
Жазба авторы:
"Егізбіз, мамандығымыз да бірдей, бір жерде жұмыс істейміз", – деп бөліскен.
Бұл жағдайды желі қолданушылары сирек ұшырасатын үйлесімділік деп сипаттап, жылы лебіздерін қарша жаудырды.
"Жар таңдауда да, мамандық таңдауда да жолдарыңыз болған екен", "Берекелі отбасы, бақыттарыңыз арта берсін", "Егіздердің үйлесімі бөлек қой, Алла жар болсын", "Менің де егіз немерелерім бар, осылай тату болсын", – деп жазды оқырмандар.