Malim.kz
Әлем

Анасынан айрылып, жалғыз қалған кішкентай маймылдың тағдыры адам сенгісіз жағдайға ұласты (ВИДЕО)

Мадияр Қапанбек
ашық дереккөзден

Кішкентай Панч есімді макака жайлы әсерлі оқиға әлеуметтік желі қолданушыларын бейжай қалдырмаған еді. Енді бұл хикая өзінің жалғасын тапты, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, алты айлық маймылды басқа маймылдармен біртіндеп таныстыра бастаған. Сөйтіп, Панч ақыры өзіне дос тапқанға ұқсайды.

Желіде тараған жаңа кадрларда ересек маймылдың Панчаға жақындап, оның жүнін тазалап жатқаны көрінеді. Бұл – жай ғана әрекет емес. Макакалар әлемінде бірін-бірі тазалау (груминг) – сенім мен әлеуметтік қабылдаудың маңызды белгісі. Ол табындағы қарым-қатынастың негізгі тетіктерінің бірі саналады.

Қолданушылар бұл сәтті Панча үшін ерекше кезең деп бағалап жатыр. Бұған дейін ол көбіне шетте қалып, өзін қауіпсіз сезіну үшін анасының орнын басқан сүйікті ойыншығы – жұмсақ орангутанды құшақтап жүретін.

Жаңа фото мен видеолар желіде жылы пікірлер легін туғызды. Көпшілік Панча ересек маймылға "үмітке толы жанарымен" қарап тұрғанын жазып, бұл көрініске көз жасын тыя алмағанын айтуда.

Кейбір желі қолданушылары:

"Көз жасымды тия алмай отырмын", "Бұл шынымен болған оқиға ма, әлде ЖИ ма?", "Жан тебірентерлік жаңалық. Қарашы, қандай махаббатпен қарап тұр", – деп пікір қалдырған.

Айта кетейік, желіде Панча "Naruto Monkey" деп те атап кеткен. Себебі оның оқиғасы күрес пен жалғыздыққа толы. Енді кішкентай макака өзіне қамқор болар жанды тапқандай.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары