Malim.kz
Әлем

Ресейліктер Анголада мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған

Айгүл Таңатар
https://ru.wikipedia.org

Анголада мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген айыппен екі ресейлік сотталды, деп хабарлайды Мalim.kz.

Ангола соты екі Ресей азаматын терроризм және тыңшылық баптары бойынша кінәлі деп танып, бірі 8 жылға, екіншісі 11 жылға бас бостандығынан айырды. Тергеу дерегінше, олар елде мемлекеттік төңкеріс ұйымдастыруға және жанармай бағасының өсуіне байланысты жаппай тәртіпсіздіктерді ушықтыруға әрекеттенген.


Айыпталушылар өз кінәсін мойындамай, Анголаға тек мәдени және іскерлік мақсатпен келгендерін мәлімдеген. Алайда сот ұсынылған дәлелдерді жеткілікті деп тауып, үкім шығарды.
Бұл іс халықаралық деңгейде де назар аудартты. Сарапшылар соңғы жылдары Африка елдеріндегі шетелдік жалдамалы құрылымдар мен сыртқы ықпал мәселесі жиі көтеріліп келе жатқанын айтады. Ангола билігі елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін кез келген әрекетке қатаң жауап беретінін мәлімдеді.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары