Malim.kz
Қоғам

Әнші Ернар Айдар үш бап бойынша жауапқа тартылды

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан скрин

Танымал қазақстандық әнші Ернар Айдар Таразда жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Тараз қаласында танымал қазақстандық әнші Ернар Айдар жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жамбыл облысы полиция департаментінің мәліметінше, құқық қорғау органдары әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында жол ережелерін әдейі бұзған жүргізуші бейнеленген видеоны анықтаған. Кадрлардан жол талғамайтын көлік жүргізушісінің заң талаптарын ашық түрде елемегені байқалады.

Көлік иесінің жеке басы анықталып, оның белгілі әнші Ернар Айдар екені белгілі болды. Тексеру қорытындысы бойынша ол бірден үш әкімшілік бап бойынша жауапқа тартылды:

— тоқтау және тұрақ ережелерін бұзу;

— жол белгілері мен жол таңбаларын сақтамау;

— жолды белгіленбеген жерден кесіп өту.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары