Malim.kz
Қоғам

Антисанитариялық цех: Астанада заңсыз ет өндірушілер ұсталды

Арман Қайыпхан
Фото: ІІМ

Астанада арнайы іс-шара барысында полиция қызметкерлері ветеринарлық инспекциямен бірлесіп, заңсыз жұмыс істеп келген жасырын ет өңдеу цехын анықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу барысында еттің өрескел антисанитариялық жағдайда, ветеринарлық-санитарлық нормалар мен талаптарды сақтамай өңделгені белгілі болды.

Сондай-ақ ұйымдастырушыларда қажетті рұқсат құжаттары мен ветеринарлық анықтамалар болмаған.

"Тексеру нәтижесінде 5 жылқының, 24 ірі қараның және 13 ұсақ малдың тұтас еті, сондай-ақ ет өңдеуге арналған арнайы құрал-жабдықтар мен аспаптар табылды. Бұған қоса, 180 қап дайын ет өнімі тәркіленді. Аталған факті бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру базасы бойынша тексеру жүргізілуде. Мал мен ет өнімдерінің шығу тегі анықталуда, оның ішінде олардың ұрланған-ұрланбағаны да тексерілуде", делінген полиция хабарламасында.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары