Malim.kz
Қоғам

Ақмола облысында бұрынғы сыныптасына пышақпен шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Арман Қайыпхан
Фото: Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

Ақмола облысында бұрынғы сыныптасына пышақпен шабуыл жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz.

24 сәуір күні Макинск қаласының медициналық мекемесіне пышақ жарақаттарымен 18 жастағы жергілікті тұрғын жеткізілді. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған қылмысты жасағаны үшін жәбірленушінің бұрынғы сыныптасы ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдарының кешені жүргізілуде.

Полиция тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында екенін атап өтті. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Айта кетейік, волейбол ойыны кезінде стадионға бетперде киген жас жігіт келген. Ол 11-сынып оқушысының бетіне бұрышты газ шашып, кейін оның мойны мен ішіне бірнеше рет пышақ сұғып, оқиға орнынан тыныш кетіп қалған.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары