Malim.kz
Қоғам

Ақмола облысында ірі жол-көлік оқиғасы: бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан скрин

Астана – Ерейментау – Шідерті тасжолында жеті көлік қатысқан жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жол-көлік оқиғасы Павлодар бағыты бойынша автожолдың 94–95 шақырымында тіркелді.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, әртүрлі дене жарақаттарымен екі адам медициналық мекемеге жеткізілді. Бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды.

Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары