Malim.kz
Қоғам

Ақмолада браконьерлікке қарсы түсіндіру жұмыстары өтті

Арман Қайыпхан
Фото: gov.kz

Ақмола облысының прокуратурасымен балықшылар мен аңшылар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Аңшылық пен балық аулаудың заңдылығы, браконьерлікке жол бермеу және табиғат қорғау заңнамасын сақтау мәселелеріне басты назар аударылады.

2025 жылы аңшылық және балық аулау ережелерін бұзғаны үшін жалпы сомасы 8,5 млн теңгеге шамамен 400 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне 11 қылмыстық іс тіркелді. Аңшылар мен балықшыларды заң талаптарын қатаң сақтауға және табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға шақырамыз, - деп мәлімдеді Ақмола облысының прокуратурасы.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары