Malim.kz
Әлем

АҚШ әскері Сириядағы ең ірі базадан шығарылуда

Айбын Атабай
armenpress.am

Сирияның Хасака провинциясында орналасқан Касрактағы АҚШ-тың ірі әскери базасынан сарбаздарды шығару жұмыстары басталды. Бұл жұмыстары бірнеше аптаға созылуы мүмкін деп жазады «Арменпресс» Al Jazeera телеарансына сілтеме жасап.

Телеарна тілшісінің мәліметінше, әскерилер Ирак Күрдістанына бағытталып жатр. Дайындық кезеңінде Хасакадағы «Әл-Шаддади» базасы мен Дейр-эз-Зор провинциясындағы «Әл-Омар» аэродромынан ондаған әскери техника мен сарбаз Касракқа көшірілген.

АҚШ әскері «Әл-Шаддади» базасындағы миссиясын 10 күннен астам уақытқа созылған операциядан кейін толық аяқтады. Кейін нысан Вашингтонмен тікелей келісім негізінде Сирия армиясының бақылауына өтті.

Бұған дейін америкалық күштер Аль-Танф базасынан да шығарылған еді. Ол Иордания және Ирак шекарасына жақын орналасқан. Қазіргі таңда америкалық және халықаралық коалиция күштері Хасака провинциясының солтүстік-шығысындағы, Рмилан қаласына таяу Хараб әл-Джир базасында ғана қалып отыр.

Бұған дейін АҚШ ресми тұлғалары Сирия аумағынан шамамен 1000 әскери қызметкерді шығару жоспары бар екенін растаған.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары