Malim.kz
Әлем

АҚШ елшілігі Киевтен кететіні туралы ақпаратты жоққа шығарды

Айбын Атабай

АҚШ елшілігі өздерін Киевтен Ресей Федерациясының қоқан-лоққыларынан кейін «кетіп жатыр» деген Kaйя Калластың сөзін жоққа шығарды.

«АҚШ елшілігі ашық. Біздің жұмысымызда ешқандай өзгеріс жоқ, ал бұған кері кез келген хабарламалар жалған», — деп хабарлады Киевтегі америкалық дипломатиялық өкілдік Икс әлеуметтік желісінде.

Мәлімдемеге сәйкес,  АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті «Киевтегі елшіліктің қауіпсіздік жағдайын тұрақты түрде қайта қарап отырады». Сонымен қатар дипломатиялық өкілдік қарапайым америкалықтарға арналған ұсынымын қайталап, «қарулы қақтығысқа байланысты ешқандай себеппен Украинаға бармауға» кеңес берді.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары