Malim.kz
Әлем

АҚШ Газа бойынша Израильмен келіссөз жүргізеді

Айбын Атабай
Фото: journal-neo.su

АҚШ президентінің арнайы өкілі Джаред Кушнер Газа секторындағы жағдайды реттеу мәселесі бойынша келіссөздер өткізу үшін Израиль мен Мысырға бармақ, деп хабарлайды Malim.kz.

Axios агенттігінің мәліметінше, Кушнердің сапары келесі аптаға жоспарланған. Бұл оның қаңтар айынан бері Израильге жасайтын алғашқы сапары болмақ. Онымен бірге АҚШ-тың арнайы өкілі әрі Газа бойынша Бейбітшілік кеңесінің жоғары өкілі Николай Младенов те аттанады.

Сапар аясында Кушнер Каирде Мысыр, Қатар және Түркия өкілдері қатысатын келіссөздерге қатысады. Кездесулер барысында алдағы бірнеше айға арналған іс-қимыл жоспары талқыланып, Газа мәселесіне қатысты Израиль мен АҚШ арасындағы бірқатар келіспеушіліктерді шешу жолдары қарастырылады.

Газадағы ахуал күрделі

Газа секторында әскери операциялар мен атыстар әлі де жалғасып келеді. Бұл ретте аймақтағы гуманитарлық жағдай күрделі күйінде қалып отыр.

Израильдің саяси басшылығы АҚШ ұсынған бейбіт жоспардың бірқатар тармағына, соның ішінде Израиль әскерін кезең-кезеңімен шығару және оның орнына ХАМАС қозғалысын қарусыздандыру жөніндегі ұсыныстарға ашық қарсылық білдіріп отыр.

Бейбітшілік кеңесінің қызметі

Бұған дейін Дональд Трамп құрған «Бейбітшілік кеңесі» Газа секторында әскери база салуға қатысты алғашқы келісімшартты бекіткен болатын.

Кушнердің алдағы сапары Газа секторындағы қақтығысты реттеу жөніндегі дипломатиялық күш-жігерді күшейтуге бағытталмақ.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары