Malim.kz
Әлем

АҚШ Газа шекарасында ірі әскери база салуды жоспарлап отыр

Арман Қайыпхан
Фото: x.com / @SecRubio

АҚШ билігі Израиль мен Газа шекарасында ірі әскери база салу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz The Jerusalem Post басылымына сілтеме жасап.

Жоспар бойынша бұл нысанда мыңдаған америкалық әскерилер орналасуы мүмкін.

Сонымен қатар база өңірдегі жағдайды тұрақтандыруға бағытталған халықаралық бастамалардың бір бөлігіне айналмақ.

Израиль Қорғаныс армиясының (ЦАХАЛ) дереккөздері басылымға берген түсініктемесінде бұл жоба туралы білмейтінін немесе оның егжей-тегжейі жайлы аз ғана мәліметке ие екенін айтқан.

Болжам бойынша, жаңа базаны құрудың басты мақсаттарының бірі – АҚШ-тың өңірдегі ахуалды тікелей бақылау қабілетін арттыру және Израильмен ынтымақтастыққа тәуелділікті азайту.

Бұл әсіресе ХАМАС, Египет, Палестина әкімшілігі мен Газаны басқаруға қатысатын өзге де тараптармен қарым-қатынас тұрғысынан маңызды деп көрсетілген.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары