Malim.kz
Әлем

АҚШ Иранға бес талап қойды

Арман Қайыпхан
Фото: magnific.com

АҚШ Иранмен келіссөздер үдерісін жалғастыру үшін бес шарт ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, Вашингтонның талаптары мыналар:

— Иран аумағына жасалған бомбалаулардан келген шығын үшін ешқандай өтемақы төленбеуі;

— 400 келі байытылған уранды Ираннан АҚШ-қа шығару;

— Ислам республикасы аумағында тек бір ғана ядролық нысанның жұмыс істеуіне рұқсат беру;

— АҚШ Иранның бұғатталған қаржысының 25 пайызынан артық бөлігін босатпау;

— Ливанды қоса алғанда, барлық бағыттағы қақтығыстарды тоқтату мәселесін келіссөз барысында шешу.

Әзірге бұл ақпаратқа қатысты АҚШ пен Иран билігі ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары