Malim.kz
Әлем

АҚШ Иранға бет алған кемеге зымыранмен соққы жасады

Арман Қайыпхан
Фото: U.S. Navy/Planet Pix/ZUMA/picture alliance

АҚШ әскері Оман шығанағында Иран порттарының біріне бет алған кемеге соққы жасады, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығының хабарлауынша,Гамбия туы астында жүзген Lian Star кемесі халықаралық сулар арқылы Иранға қарай бағыт алған. АҚШ әскері экипажға «америкалық блокаданы бұзып жатқанын» ескертіп, 20-дан астам рет хабарлама жіберген.

Алайда кеме бағытынан таймағандықтан, америкалық әскери ұшақ оның машина бөліміне Hellfire зымыранын атқан. Нәтижесінде кеме қозғалысын жалғастыра алмай, Иранға қарай жолын тоқтатқан.

CENTCOM мәліметінше, сәуір айынан бері АҚШ Ормуз бұғазындағы бақылау шаралары аясында бес коммерциялық кемені істен шығарып, тағы 116 кеменің бағытын өзгертуге мәжбүрлеген.

Өз кезегінде Иран билігі АҚШ-пен байланысты кемелерге қатысты шектеулер енгізіп, Ормуз бұғазындағы жағдайдың күрделене түскенін көрсетіп отыр.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары