АҚШ әскері Ормуз бұғазында сауда кемесіне жасалған шабуылдан кейін Иран аумағындағы зымырандар мен дрондар сақталған нысандарға, сондай-ақ жағалаудағы радарларға соққы бергенін хабарлады, деп хабарлайды Malim.kz BBC-ге сілтеме жасап.
CENTCOM мәліметінше, Иранның әрекеті атысты тоқтату режимін бұзып, халықаралық кеме қатынасының қауіпсіздігіне қауіп төндірген.
Өз кезегінде Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) АҚШ-тың аймақтағы әскери нысандарына жауап соққысын жасағанын мәлімдеді. Алайда шабуылдың нақты салдары туралы ақпарат берілмеді.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранды Ормуз бұғазы арқылы өткен Ever Lovely контейнерлік кемесіне жасалған шабуыл арқылы бітім режимін бұзды деп айыптаған болатын.