Malim.kz
Әлем

АҚШ Испанияны НАТО-дан шеттету идеясын талқылап жатыр

Арман Қайыпхан
Фото: Jen Golbeck/SOPA Images/IMAGO

АҚШ-та НАТО аясында Испанияның мүшелігін уақытша тоқтату мәселесі талқыланып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Вашингтонда АҚШ-тың Иранға қарсы әскери операциясын қолдамаған НАТО одақтастарына қысым көрсету жолдары қарастырылуда.

Талқыланып жатқан шаралардың бірі — Испанияның альянстағы мүшелігін уақытша тоқтату. Бұл туралы Reuters Пентагондағы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Pentagon бағалауынша, Испанияны шеттету ең алдымен символикалық мәнге ие болмақ — бұл АҚШ-тың әскери операцияларына айтарлықтай әсер етпейді, бірақ басқа одақтастарға белгі ретінде қарастырылады.

Мадрид өз кезегінде НАТО-ға адалдығын білдірді, алайда халықаралық құқық шеңберінде ғана операцияларға қатысатынын атап өтті.

Берлинде бұл бастамадан бас тартып, одақтасқа қарсы санкциялар енгізуге негіз жоқ екенін мәлімдеді және Испанияның НАТО-дағы мәртебесін қайта қарау қажеттігін көрмейтінін жеткізді.

Заңдық тұрғыдан алғанда, мұндай қадамның жүзеге асуы екіталай. НАТО ішінде шешімдер консенсус арқылы қабылданады, яғни Испанияның мүшелігін тоқтату үшін альянсқа мүше барлық 32 елдің келісімі қажет — әзірге бұл сценарий шынайы емес деп бағаланып отыр.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары