Malim.kz
Әлем

АҚШ кеден қызметі Трамп енгізген баж салығын алуды тоқтатады

Арман Қайыпхан
Фото: Charly Triballeau/AFP

АҚШ-тың Кеден және шекара қызметі (U.S. Customs and Border Protection, CBP) 24 ақпаннан бастап импортқа салынған, бұған дейін АҚШ Жоғарғы соты заңсыз деп таныған баж салығын алуды тоқтатады, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

2025 жылдың сәуір айының басында Дональд Трамп бірқатар мемлекетке, соның ішінде Еуроодақ елдеріне қатысты тарифтерді айтарлықтай арттыратынын жариялаған еді.

Ол бұл шешімін Халықаралық төтенше экономикалық өкілеттіктер туралы заңға (IEEPA) сүйене отырып түсіндірген.

Елдің ең жоғары сот инстанциясы 2026 жылғы 20 ақпанда Трамп президенттік өкілеттігін асыра пайдаланды деген шешім шығарды.

Жүк тасымалдаушыларға арналған Cargo Systems Messaging Service хабар алмасу жүйесіндегі мәлімдемеде Кеден және шекара қызметі 24 ақпаннан бастап IEEPA аясында Трамптың бұрынғы жарлықтарына байланысты барлық тарифтік кодтар өшірілетінін хабарлады.

Сонымен қатар, CBP хабарламасында алымдарды тоқтату туралы шешім басқа негіздер бойынша енгізілген баж салығына қатысты емес екені атап өтілген.

Атап айтқанда, Ұлттық қауіпсіздік туралы заңның 232-бөлімі және Әділетсіз сауда тәжірибесі туралы заңның 301-бөлімі негізінде енгізілген тарифтер күшінде қалады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары