Malim.kz
Әлем

АҚШ пен Армения стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойды

Арман Қайыпхан
Фото: REUTERS - Julia Demaree Nikhinson

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Арменияға қысқа мерзімді сапармен барып, Ереванда бірқатар маңызды келісімдерге қол қойды. Бұл туралы армяндық БАҚ мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Мәліметке сәйкес, Рубионың ұшағы Үндістаннан қайтар жолда Ереван әуежайына шамамен бір сағатқа тоқтаған. Осы уақыт ішінде АҚШ мемлекеттік хатшысы мен Арарат Мирзоян АҚШ пен Армения арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік хартиясына қол қойған.

Сонымен қатар тараптар сирек кездесетін металдар мен стратегиялық маңызы бар минералдар саласындағы ынтымақтастық туралы, сондай-ақ TRIPP («Халықаралық бейбітшілік пен өркендеу жолындағы Трамп маршруты») жобасы бойынша негіздемелік келісімдер жасасты.

Аталған жоба Нахичевань Автономиялық Республикасы арқылы Сюник облысы аумағын кесіп өтіп, Әзербайжанның негізгі бөлігіне шығатын транзиттік дәліз құруды көздейді.

Армения СІМ басшысы Арарат Мирзоян қол қойылған келісімдердің ел үшін тиімді екенін атап өтті.

«Бұл құжаттар Армения үшін бұрын-соңды болмаған мүмкіндіктерге жол ашады», – деп келтіреді оның сөзін армяндық ARKA агенттігі.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары