Ресми емес мәліметтерге сәйкес, рамалық келісім Ормуз бұғазын дереу ашуды және АҚШ тарапынан Иранға салынған теңіз блокадасын алып тастауды қарастырады. Бұл туралы американдық дереккөздерге сілтеме жасаған ақпарат агенттіктері мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Сонымен қатар, АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, Иран ядролық қаруға ие болмайды. Тегеранның ресми өкілдері әзірге бұл ақпаратты растаған жоқ.
Вашингтондағы билік өкілінің Reuters агенттігіне берген мәліметіне сәйкес, бұғатталған ирандық активтерді босату және Иранға қарсы санкцияларды жеңілдету «белгілі бір талаптардың» орындалуына байланысты болады.
Ақ үй басшысының айтуынша, меморандумға электронды түрде АҚШ президенті Дональд Трамп, вице-президент Джей Ди Вэнс және Иран парламентінің спикері Мохаммад Галибаф қол қойған. Келісімге ресми қол қою рәсімі 19 маусымға жоспарланған.
Бұл жаңалықтарға әлемдік нарықтар өсіммен жауап беріп, мұнай бағасы төмендеген.