Америкалық және ирандық делегациялар соғысты тоқтату туралы келіссөздер жүргізу үшін Исламабадқа келді. Кейінірек екі тараптың Пәкістанның делдалдығымен кездескені туралы ақпарат тарады. Иран соңғы сәтке дейін Ливандағы атысты тоқтатуды және ирандық активтерді бұғаттан босатуды шарт ретінде қойып, Пәкістанға делегация жіберетінін растамаған еді. Бұған қоса, АҚШ президенті Дональд Трамп Ормуз бұғазын миналардан тазарту операциясының басталғанын жариялаған болатын. Қазір келіссөздердің басталғанын ресми Исламабад растады.