Malim.kz
Әлем

АҚШ пен Израиль шабуылынан Иранда 6 адам қаза тауып, 43-і жараланды

Айбын Атабай
Anadolu Ajansi

АҚШ пен Израильдің Иранның батысындағы Лурестан провинциясының Хоррамабад қаласындағы азаматтық нысандарға жасаған соққылары салдарынан 6 адам қаза тауып, 43 адам жарақат алды, деп хабарлайды Анадолы.

Ирандық БАҚ-тың Лурестан провинциясы әкімшілігіне сілтеме жасап хабарлауынша, соққылар қала солтүстігіндегі азаматтық нысандарға бағытталған.

Атыс салдарынан бірқатар үй зақымданып, төрт ғимарат қираған.

Билік өкілдері қаза тапқандар саны әлі де артуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылы

Израиль мен АҚШ 28 ақпанда ядролық келіссөздер жүріп жатқан тұста Иранға қарсы шабуылдарын бастаған.

Иран бұған жауап ретінде Израильге және өңірдегі жеті елге соққы берді.

АҚШ пен Израиль шабуылдары салдарынан Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи және бірқатар жоғары лауазымды тұлғалар қаза тапқаны хабарланды.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары